Өскемен қаласында Антикор маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға қаладағы Стрелка ауданында болған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған адам ұсталды.
«Полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Заңбұзушылық жасағаны үшін ол әкімшілік қамаққа алынды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның не себепті мұндайға бармақ болғаны әлі анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
oskemende_er_adam_ekimshilik_himaratty_ort
49