Өскеменде ер адам итке оқ атқан

417
көрілім

Жаңа Ахмер елді мекенінде белгісіз ер адам алдымен итті атып, кейін оны көлікпен таптап өткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 7 қаңтар күні жасы 30-35 шамасындағы ер адам жүгіріп бара жатқан итті пневматикалық қарумен басынан атып жіберген, - дейді иттерге арналған баспана директоры Алина Сайфуллина. - Бірақ оған істеген әрекеті аздық еткен сияқты. Кейін ол «Lada Priora» көлігімен иттің соңынан барып, оны аяусыз таптап кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ит оған ешқандай агрессиялық мінез көрсетпеген. Ер адамның үй күзетшісіне неліктен мұнша аяусыздық танытқаны белгісіз.

«Адал жүрек» қоғамдық бірлерстігінің еріктілері жараланған итті ветеринариялық клиникаға жеткізді. Бірақ, жазықсыз жануардың төрт аяғынан сауығып кету мүмкіндігі жоқ.

«Адал жүрек» қоғамдық бірлестігінің белсенділері Ахмердің «ит атқышының» жасаған аяусыз іс-әрекетіне куә болған жандарды іздестіруде.