Өскеменде ер адам мас күйінде көлік ұрлаған

429
көрілім

Жыл басынан бері бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 қылмыс ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге қалдырған «Suzuki» маркалы автокөлігінің ұрланғанын айтқан.
Белгілі болғандай, күдікті алысқа кетіп үлгермеді. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында оны полиция қызметкерлері тоқтатты.
- Темір тұлпарды тізгіндеп әкеткен 29 жастағы жігіт көлік жөндеумен айналысқан. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі  шара таңдалды. Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген мәліметте.
Ал көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.