Бүгін ТЖД қызметкерлері саяжайда өрт сөндіру кезінде күйіп қалған ер адамның мәйтін тапты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
9 желтоқсан күні сағат 10.00 шамасында куәгерлер саяжайдағы өрт туралы хабарлаған. Бұл жолы «Дорожник» саяжайы кооперативі зардап шекті.
- Өрт сөндірушілер Насосная көшесінің бойымен келген кезде саяжайдың көп бөлігі, төбесі мен қабырғалары, есік-терезе, шатырлары жанып кеткен, - деп хабарлады ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен. - Құтқарушылар жалпы аумағы 94 шаршы метрді құраған өрт сөндірді, жалын көрші учаскенің ағаш құрылыстарына жайылып кеткен. Өрт сөндірушілер үйді тексеру кезінде 1961 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағындағы өрттерден 12 адам қайтыс болған.