Өскеменде ер адам ұялы телефонның қуаттау құралы жарылып, зардап шекті

583
көрілім

Өскеменде жергілікті тұрғынның болжам бойынша телефон қуаттау құралы жарылып, ауыр жарақаттар алды. Зардап шегушінің басы зақымданып, қолы мен денесі күйіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтыныңу тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ішкі істер департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға 46 жастағы ер адам тап болған. «Ол өз үйінде қуаттау құрылғысын (іске жарамсыз болуы мүмкін) розеткаға қосқан уақытта қысқа тұйықталып, өрт шыққан. Ер адамның денесі күйіп, зақым алған. Ол аурханаға жеткізілді, – деді облыстық ІІД өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұялы телефонның қуаттау құралы жарылған. Гаджеттің маркасы белгісіз. Ер адам түскен бірінші қалалық ауруханадағы дәрігерлердің айтуынша, оның беті, кеудесі және қолдары күйіп қалған. Сонымен қатар, саусақтары қатты зақымданған.

Мейрамбек Қосажан