ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы аталған оқиғаға байланысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп, комиссия қортындысы шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жазатайым оқиға ақпан айында азық-түлік сататын көтерме сауда кәсіпорнында болды.
- Тергеу барысында қызметкер кәсіпорын аумағына өз көлігімен келіп, қызметтік автокөліктерді жөндеуге қосалқы бөлшектер әкелген. Көлікті қойғаннан кейін жүргізуші сыртқа шыға бергенде тайып құлап, сол жақ мойын сүйегі сынып кетті, - делінген инспекция берген мәліметте.
Комиссия оқиғаның негізгі себептері аумақтағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы және жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер деп таныды. Тексеріс нәтижесі жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз деген қорытындыға келді.