Өскеменде ер адамды өрттен құтқарғандар марапатталды

738
көрілім

 ШҚО ТЖД басшылығы өрт кезінде өзінің көршісін құтқарған Ұлттық ұлан әскери қызметкері мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімін марапаттады.

Маусым айының 7-сі күні Өскемен қаласында Высоковольтная көшесіндегі тұрғын үйді от шарпыды. Өртті көрші тұратын сержант Ризабек Қанапиянов байқап қалды. Ол еш ойланбастан оқиға орнына қарай жүгіріп, жалын шарпыған үйден көмекке шақырған айқайды естіп,  ішінен 1957 жылы туған ер адамды алып шығады. 

-Төтенше жағдай кезінде өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан адамды құтқаруға көмекке  келу - бұл нағыз жанкештілік. Ризабек өзі зардап шегуші мүмкін екендігін түсінді, бірақ соған қарамастан отқа лап беріп, өз көршісін қалай құтқаруға ұмтылды. Ұлттық ұлан жауынгерлері осындай үлкен батылдықтарымен ерекше, - деді ШҚО Төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Сондай-ақ ол ҚР ІІМ орынбасары, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы орынбасарының бұйрығымен "Ұлттық ұлан үздігі" төсбелгісімен  және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрығымен "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Бағдат Амангелді, 
"Шығыс"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы