Өскеменде еріктілер орталығы ашылды

463
көрілім

Бірнеше бағыт бойынша көмек көрсетуге әзір жастар жұмыстарына осы бастан кірісіп кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Орталықтың ашылуына қала әкімі Жақсылық Омар келіп қатысты. Көмекке мұқтаж жандарды алыстан байқап, қолұшын беру исі қазақтың қанында бар үрдіс екенін айта келе орталық қызметкерлеріне бірден нақты тапсырмалар берді.

- Бұл тек науқандық жұмыс болып қалып қоймауға тиіс. 300-400 адамды жинап алып бір-екі мәрте көмек көрсету аздық етеді. Орталық ашылды ма жыл көлемінде бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеп, бір координатордың сөзіне құлақ асу қажет. Одан бөлек, концерттік бағдарламаларды жиі ұйымдастырғаннан гөрі барынша сапалы жұмыстар атқаруға ұмтылған жөн, – деді қала әкімі.

Орталық директоры Ринат Ахметжановтың сөзінше, еріктілер аязды күндері далада жаурап тұрған жандарға ыстық шай ұсынып, қарт адамдардың үйіне барып қар тазалауға көмектесуде.

Бұдан бөлек, орталық мүшелері волонтерлік жұмыстың мәртебесін көтеріп, біртіндеп автоволонтерлікке мән берудің тиімді екендігі жөнінде ұсыныстарын айтты.

Әділхан ЕСІМХАНОВ