Өскеменде еркін күрестен ел чемпионаты өтеді

430
көрілім

Ертең Өскеменде еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республиканың түкпір-түкпірінен келетін кіл мықты палуандар ертең Қ.Мұңайтпасов атындағы Күрес түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бас қосады. Жүлдегер атанудан бұрын барлығы дерлік өзінің үздік белдесуін көрсетуге тырысады. Себебі олар қыркүйек айында өтетін Әлем чемпионатына жолдама иелену үшін барын салады. Сайысқа ұзын-саны 250-ден астам спортшы келеді деп күтілуде. Қатысушылар арасында ел чемпиондары, спорт шеберлері бақ сынасады. Айталық, жерлестерімізден Шыңғыс Мұхаметқалиев, Айбар Жылқайдаров, Тілек Қабыкенов, Диас Асқаров сынды тәжірибелі палуандар аймақ намысын қорғамақ.
Сайыстың ашылуы сағат 16:00-де өтеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ