Өскеменде ертең «Азаттық дауысы» атты үш тілдегі шешендік сайыс өтеді

760
көрілім

Өскемен қаласында Пушкин атындағы облыстық кітапханада үш тілде «Азаттық дауысы» атты шешендік сайыс өтеді. Ұйымдастырушылар сайыстың басты шартына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын енгізіп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 мамырда өтетін байқаудың мақсаты – қазақ әдебиеті мен шешендік өнерді ұштау» дейді ұйымдастырушылар. Шараны кітапханадағы америкалық мәдени орталық қолға алып, оның өтетіні туралы хабарлама наурыз айында таратылып қойылған. Қазіргі уақытта 35 оқушы мен студент бақ сынасуға бел шешкен.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2017 жылдың үздік кітабы ретінде ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасы танылған болатын. Осыны негізге алған ұйымдастырушылар «Азаттық дауысы. Сұлтанмахмұт Торайғыров»: С.Торайғыровтың шығармасындағы үзіндіні мәнерлеп оқу, ақынның өміріндегі айшықты оқиғалар мен қорытындылау тәртіптері бойынша өнер көрсетеді. Әр қатысушыға үш тілдегі ділмарлық өнерін көрсету үшін 5 минут уақыт беріледі.

Сайыста екі топ: 13-16 жас пен 17-22 жас аралығындағы қатысушылар өнерін паш етеді.