Өскеменде Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір салынады

219
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері өткізген брифингте, басқарма басшысының орынбасары Ерлан Уәлиев мәлімдеді. Бірақ жұмыстың нақты қашан басталатыны белгісіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, қазір Виноградов көшесінің тұсында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жобасы пысықталып жатыр. Жаңа көпір құрылысы талқыға түскелі біраз жылдың жүзі болды. Тіпті үш жыл бұрын құрылыс 2023 жылы басталады деп жопарланған-ды. Көпірдің техникалық-экономикалық негіздемесі одан да ертерек – 2016-17 жылдары әзірленген.
- Жоспар бойынша көпірдің ұзындығы 777 метр, ал құрылысқа кететін қаржы 62 млрд теңгені құраған еді. Сондай ақ бұл қаржыға көпірге іргелес көшелерді қайта құру да кіреді, - делінген сол жылдардағы ақпараттарда.
Бейресми деректерге сүйенсек, қазір сол жылдардағыдай ауқымды жоспар әзірленген жоқ, бірақ көпір салу туралы бастама өзгермеді. Шамасы, құрылыстың анау айтқандай ауқымды бола қоймайды. Жобаның-сметалық құжаттамасын дайындау, бөлінген қаржы немесе жоспарланған мерзім туралы әлі ресми ақпарат жарияланбады.
Жоба тезірек жүзеге асырылса, көпір маңындағы кептелістің сейілетіні сөзсіз.