Ресми ақпаратқа сүйенсек, қала тұрғыны жеке мәселелеріне байланысты осындай қадамға барған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «102» арнасына "Ертіс көпірінің қоршауына таянған қыздың суға секіруі мүмкін" деген ақпарат түсті. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері Мират Мұратқанов пен Біржан Айтмұқашев бастапқыда суицидке барғалы тұрған тұрғынға жақындай алмаған. Әйтеуір арада аз уақыт өткенде оның назарын аударып, Мират Мұратқанов қызды қолынан ұстап, қауіпсіз жерге шығарды.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз бала жеке мәселелеріне байланысты көпірден секірмек болған.