Өскемен қаласында Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан қала тұрғыны әйел адамның денесін тапқанын айтқан. Мәйіт Өскемен іргесіндегі «Восточник 3» саяжай қауымдастығының маңындағы Ертіс өзенінен табылды.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп жетті. Марқұмның кім екендігі анықталып отыр. Аталған факті тіркеуге алынып, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өлімнің нақты себебі сол сараптамалардан кейін белгілі болады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.