Қыркүйек айының соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі сатқан адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма қызметкерлері Өскемен көшелерінің бірінде 38 жастағы тұрғынның «Kia» көлігін тінту барысында жүргізуші орындығы артындағы қалтадан өсімдік тектес заты бар полимерлік түйіншек табылған.
Сарапшы қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 52,75 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
- Сондай-ақ күдіктінің пәтерін тінту барысында жатын бөлмедегі төсек астынан өсімдік тектес зат және ұнтақ тәрізді жасыл түсті зат салынған екі қағаз түйіншек тәркіленді. Сарапшы қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 30,36 грамм кептірілген марихуана және салмағы 15,30 грамм гашиш есірткі құралы екендігі анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасө қызметіндегілер.
Қолға түскен ер адам бұл затты өзі қолданбай, сату үшін тасымалдағанын түсіндірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.