Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан әпкесі мен сіңлісі сотталды

440
көрілім

Облыс орталығында есірткі сатып пайда тапқан әпкесі мен сіңлісі жазаға тартылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ірі көлемде кепкен марихуана шөбін таныс ер адаммен бірлесіп саудалаған 31 жастағы азаматша қылмыстық жолға туған сіңлісін де шақырған. Осылайша ұйымдасқан үшеуі шөп сатып ақша табады. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйел адам осындай заңсыз саудаға не себепті барғандығын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, әкелері обыр ауруына шалдығып, онкологиялық ауруханаға түскен.

– Бұл ауруханада ем қабылдау тегін болған жоқ. Дәрі алуға қыруар ақша жұмсадық. Заңсыз жолға түскеніме өкінемін. Өз кінәмді толықтай мойындаймын, – деді айыпталушы.

Сот үкімімен 3 айыпталушы 7 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.