Өскемен қаласында есірткі тасымалдаумен айналысқан 20 жастағы жігіттің үйінен 140 доза табылды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
20 жастағы ер адам қаладағы жағажайлардың бірінде есірткіні қойып кетіп жатқан жерінен ұсталды. Полицейлер тінту жүргізіп, одан 18 қапшыққа салынған ұнтақты затты тапты.
«Күдіктінің үйіне де тінту жүргізілді. Соның нәтижесінде, жалпы салмағы 42 грамнан асатын психотроптық заттар тәркіленді. Бұл «қара нарықта» 140 бірреттік дозаны құрайды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.