Өскеменде әскери қызметті насихаттау мақсатында қоғамдық көліктердің сырты әрленді

569
көрілім

Аталған шара алғаш рет өтіп отырған жоқ. Хакім Абайдың 175 жылдығы аясында қолға алынған қоғамдық жұмыс биыл аязға қарамастан жалғасын тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Автобустардың сыртына «Теңіз шебі сенімді қолда» деп жазылып, Қарулы Күштердің логотипі көрініс берді. Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы мен Қорғаныс істері жөніндегі департаменті тізе қосып, атқарған жұмысы еліміздегі сарбаздардың имиджін көтеруге бағытталған.


– Жастар мен тұрғындар арасында әскери қызметті дәріптеудің маңызы зор. Осы ретте қоғамық көліктердің сыртына баннерлер жапсырылды. Жолаушы тасымалдайтын көліктеріміз жаңа жазбалармен жұмысын жалғастырып, шарамыз сәтімен өтті, – деді ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жасұлан Асылбекұлы.

Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбековтің айтуынша, келер жылы да қалалық маршруттар қамтылмақ. Қоғамдық жұмыс қалалықтар мен жастардың патриоттық сезімін оятуға себепші болса, ұйымдастырушылар үшін зор қуаныш.