Өскемен қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен «Әскери керней» атты әскери оркестрлердің сайысы өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери оркестрлердің сайысы 6 маусым күні облыс орталығындағы Металлургтер мәдениет сарайында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, шара 6699 әскери бөлімінде жалғасын табады. Оркестрлердің өнер жарысына Өскемен, Семей және Павлодар қаласының гарнизондары қатысады.