Өскеменде әткеншектен құлап көз жұмған баланың өліміне қатысты тексеру басталды

196
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Оқиғаның мән-жайын марқұмның әкесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкесінің айтуынша, ұлы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған лагерьде демалып жүріп, әткеншектен құлаған. Тербелем деп барған ойын баласы сол жерде ауыр жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Жеткіншек бірнеше күн комада жатып, кейін қайтыс болған.
- Құрметті жерлестер, қала тұрғындары! Мен сіздерден көмек сұрап, отбасымдағы қазалы оқиға туралы айтпақпын. Балам Арсений жазатайым жағдайдан бақилық болды. 11-ші шілде күні ол балаларға арналған лагерьде тәрбиешілердің бақылауынсыз әткеншекте тербеліп ойнаған. Тозығы жетіп, қауіпсіздік шаралары сақталмаған әткеншектен құлаған балам жарақат алды. Екі күн комада болып, үшінші күні жүрегі тоқтап қайтыс болды. Құрметті жауапты тұлғалар, осындайда балаларға біреу-міреу қарайлап жүруі тиіс еді. Құрметті, ата-аналар балаңыз баратын лагерьлерде осы талаптарды сұрап, лицензияның бар жоқтығына көз жеткізулеріңізді сұраймын. Менің баламның орнында кез-келген бала болуы мүмкін еді, сондықтан бұл мәселеге көз жұма қарауға болмайды, - деді баланың әкесі Роман Цуранов.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаның болғанын растап, тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
- Бала 23-ші шілдеде, құлағаннан кейін он екі күн өткен соң ажал құшты. Аталған факті бойынша 11-ші шілдеде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.