Өскемен қаласында 36 жастағы Күршім ауданының тұрғыны танысынан 170 мың теңге ақша жымқырмақ болып қолға түскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тексеріс нәтижесінде олардың бұрыннан жақын таныс екендіктері анықталды. Әйел адамның арам ойы 31 жастағы ер адаммен спирттік ішімдік ішіп отырған кезінде туындаған. Ақшаны қалтаға басқан соң оқиға орнынан қашып кеткен.
– Күдікті әйелге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істеген заңбұзушылығы үшін ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Полиция басқармасының баспасөз қызметі.