Өскеменде әйел адам полицейге шабуыл жасады

167
көрілім
фото сурет ашық дереккөзден
Күйеуін полиция бөлімшесіне апармақ болған тәртіп сақшыларына қала тұрғыны шабуыл жасады, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болған. Сол кезде оның әйелі қарсылық танытып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. 
Әйел тәртіп сақшыларының бірінің бетінен, басынан және аяғынан бірнеше рет ұрып, екіншісінің иек тұсынан ұрған. Шабуыл кезінде әйелдің мас екендігі анықталды. Бұған қоса қызметтік міндетін атқару кезінде тәртіп сақшыларына балағат сөздер айтқан.
 
Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
 
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.