Қайғылы оқиға өткен демалыста қалалықтар «Котлован» атап кеткен жерде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, бала-шағасымен демалуға келген әйел қиыршық тас тиеліп жатқан котлованда шомылып жүрген. Оның біраз уақыт судан шықпай жатқанын байқаған басқа тынығушылар дереу құтқарушыларға жүгінді.
– 27 шілдеде «Буревестник» саяжай бірлестігі аумағында Төтенше жағдай департаменті Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан 1987 жылғы әйелдің денесін алып шықты. Оқиғаның қалай болғаны тексеріліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.