Өскеменде әзірбайжан асханасы күні өтті

432
көрілім

Қала қонақтарының назарына долма, палау, довга сияқты ұлттық тағамдардың түр-түрі қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара облыс орталығындағы Достық үйінде болды.

- Біз көп ұлтты елде тұрамыз. ШҚО-да түрлі этностардың өкілдері бар, сондықтан бүгін біз барлығын Әзірбайжан асханасының алуан түрлілігімен таныстырғымыз келді, - дейді ШҚО бойынша Әзірбайжан қауымдастығының төрағасы Мариф Фараджев.

Шараға қатысушылардың бірі Эльмира Фараджеваның айтуынша, дайындалған тағамдардың ішіндегі танымалы долма. Долманың үш түрлі нұсқасы қойылған. Сонымен қатар келушілер палау, кәуәп және қышқыл сүт өнімі довганың дәмін татып көрді.

Еттің молдығы, әртүрлі шөптердің қоспасы — Әзірбайжан ұлттық ас үйінің ерекшелігі. Мұның бәрі әр аспаздың құпиясымен бірге осы халықтың ас үйіне ерекше көңіл аудартады. Әзірбайжан мақалында айтылғандай, үстелдің басты әшекейі – қонақ.

Ал қонақтарға ұлттық киімдегі жас әртістер хош иісті тағамдарын ұсынып, таныстырды.

Айта кетейік, іс-шара әзірбайжан, орыс және қазақ тілдерінде жүргізілді.