Қылмыскер бұрын істі болған ер адам, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің экспедиторы ұйымға тиесілі 2 741 864 теңгені заңсыз иемденіп, талан-таражға салған.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласы полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталған 28 жастағы Глубокое ауданының тұрғыны болып шықты, - деді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Орал Рыспаев.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.