Аталған шара әр жылы бір мезетте еліміздің барлық өңірінде қолға алынып келеді. Қазір түрлі саланың мамандары мен тұрғындар С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да бас қосқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Zakon.kz желілік басылымы бірлесе қолға алған шараға түрлі саланың мамандары келіп, заңгерлік кеңестер беруде.
– Мұнда кез келген адам еліміздің заң қоғамдастығындағы өкілдерінен қажет кеңесін тегін ала алады. Адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар, прокуролар және тағы басқалары. Акция жылда үздіксіз өткізіліп келген. Тек пандемия өршіген жылдары тоқтатылды, – деді ұйымдастырушылар.
Негізгі мақсат – сыбайластық тәуекелдерін болдырмау. Басшылық берген тапсырмаларға сәйкес еліміздің ірі қалаларында өткізілуі тиіс. Осы ретте департамент өкілдері аталған акция алдағы уақытта аудандарда да өткізілуі екендігін алға тартты. Жалпы, келіп жатқан қала тұрғындары 1-2 сағатта аяқталып қоймай, көбірек уақыт берілсе деп өтініш-тілектерін білдіріп жатты.