Өскеменде Халықаралық донор күнінде сыйлықтар беріледі

333
көрілім

14 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қайырымдылық шарасы өтпек. Бұл күні өз еркімен қан тапсырамын деушілерге есік ашық, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Донорларды қабылдау сағат 8.00 ден 13.00-ге дейін болмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 10.00-ден бастап мерекелік бағдарлама келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.


Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайында орналасқан. Ниет білдірушілер «қан орталығы» аялдамасына №43, 26, 17 бағыттағы автобустармен жете алады. Анықтама телефондары: 70-08-08, 70-38-38, 8-705-176-18-01, 8-705-176-17-99, 8-705-500-56-32, 8-705-500-58-19.


Мамандар өз еркімен қан тапсырушылардың міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлігі болуы шарт екендігін ескертеді.


Демеушілердің шараға қатысушыларға арналған сыйлықтары да бар.