Өскеменде Италия университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды

811
көрілім

Кеше Amanzholov University базасында Италияның Генуя университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құжат негізінде қос дипломды білім беруді дамыту, бірлескен халықаралық жобалар, гранттар санын ұлғайту,  студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен өзара алмасулар жатыр.
Серіктестік шеңберінде Қазақстанда алғаш рет әрі жалғыз жаңа қос дипломды бірнеше білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Атап айтқанда, «Жаһандық экономика», «Туризм», «Инклюзивті білім беру» мамандықтары.
- Айта кетейік, жоғары оқу орындарының серіктестігі инклюзивті және түзету педагогикасын дамытуға бағытталған. Бұл үздік еуропалық тәжірибелерді қолдана отырып Қазақстан үшін кәсіби кадрлар даярлауға бірегей мүмкіндік береді, - делінген университеттің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Одан бөлек, тығыз ынтымақтастық елдердің этнопедагогикасы мәселелерінде ұлттық дәстүрлермен алмасу үшін Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени диалогты белсенді дамытуға негіз болмақ.