Өскеменде із-түссіз жоғалған зейнеткердің денесі Ертіс жағасынан табылды

595
көрілім

2016 жылдың қараша айында Өскемен қаласында 79 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен болатын. Жуықта оның мәйіті облыс орталығынан бірнеше шақырым жерде табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ІІД хабарлауынша, өткен жылдың қараша айынан бері зейнеткер із-түссіз жоғалғандардың қатарында тұрған.

Туыстары оның жоғалғаны туралы арыз жазғаннан кейін полиция қызметкерлері бірден іздеу шараларын қолға алды, – деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. – Бірнеше күн бұрын егде әйелдің денесі Ұлан ауданының Азово ауылына жақын жерден табылды. Мәйітте күш қолдану салдарынан түскен белгі жоқ.

Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар зейнеткердің қалайша өзенге түсіп кеткенін анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Мейрамбек Қосажан