Өскеменде із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды

846
көрілім

21 жастағы Еңлік Жәнібекова үйіне өзі қайтып келген. Бойжеткеннің туыстары оның жоғалып кетуінің себебін анықтау үстінде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Еңлік Жәнібекова өткен аптаның сенбісінде жоғалып кеткен болатын. Туыстары оның психикалық ауытқушылығы барын, өз әрекетіне жауап бере алмайтынын айтқан. Олардың ойынша, бойжеткеннің денсаулық жағдайы жоғалып кетуіне себеп болған.

Ол табылды. Бәрі де жақсы. Әке-шешеміз қазір Еңліктің неліктен жоғалып кеткенін, қайда болғанын анықтауға тырысып жатыр. Іздеу жұмыстарына көмектескен барлық адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді, – дейді Еңліктің әпкесі Жанар Сіләмова.