Қалыптасқан дәстүр бойынша Өскеменде Конституция күні мен қала күнін атап өту бірнеше күн бұрын басталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Атап айтқанда:
24 тамызда сағат 10:00-де Самал саябағында «Tartyl Fest» республикалық жарысының іріктеу кезеңі басталады. Кешкі сағат 17:00-де Металлургтер мәдениет үйінің алдында ретро фестиваль өтеді.
Ал 27 тамыз күні сағат 15:00-де амфитеатр алаңында «Ұлы Дала батырлары» спорттық шарасы ұйымдастырылмақ. Бұдан кейін сағат 17:00-де Астана көшесі бойындағы жаңа жағалауда «Бірге туғандар» егіздер фестивалі болады. Сағат 19:00-де «OSKEMEN STARS» қалалық караоке байқауының финалы өтеді.
28 тамызда сағат 18:00-де қала тұрғындары жаңа жағалауда «WHITE PARTY» интерактивті ойындарына қатыса алады.
30 тамыз – Конституция күнінде республика алаңында бірқатар іс-шара өтеді. Өскемендіктер үшін сағат 10:00-де қарбыз фестивалі, ал 11:00-де концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Ал кешкі сағат 19:00-де қазақ эстрадасы әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт басталып, 22:00-де отшашу болады.