Қаланың ішінде орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында жүздеген қылмыстың беті ашылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының ІІБ-да құқық қорғаушылар «Ашық есік» күнін өткізді. Шара барысында келушілердің бірінен қалада орнатылған бейнебақылау камералары турасында сұрақ қойылды.
– Қала бойынша 96 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қала тыныштығын қадағалап, азаматтардан қоңырау қабылдап отырады. Бейнебақылаудың көмегімен Өскемен қаласында жүздеген қылмыстың көзі ашылып, қаншама құқық бұзушылықтың жолы кесіледі, – деп жауап берді жедел басқару басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Равиль Аманқұлов.
Мейрамбек Қосажан