«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС туындаған қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұрады, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.
- Өткен түні (19 ақпаннан 20-сына қараған) толассыз жауған қардытрамвай-қар тазалушы техника тәулік бойы тазартумен болды. Бірінші және төртінші бағыттағы трамвайлар соңғы аялдамаға дейін жете алмады, - дейді көлік компаниясының қызметкерлері.
Кәсіпорынның берген мәліметі бойынша, 21 ақпан күні, яғни бүгін бірінші және төртінші маршруттағы трамвайлар жолға шықты. Үшінші бағыттағы трамвай соңғы аялдамаға дейін (Защита ықшам ауданы) бара аламайды, тек «Машзауыт» ауданына дейін ғана жүреді.
- Түске дейін Защита ықшамауданына дейінгі жолды тазалауды аяқтаймыз, - деп уәде берді көлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс орталығында қалың қар салдарынан 3 бірдей трамвай рельстен шығып кеткен болатын.