Аталған нысанды инвесторлардың қаражатына салу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі таңда облыс орталығында панасыз жануарларға арналған алты жеке баспана бар. Олар демеушілердің көмегімен жұмыс істеп тұр.
Алайда,қалада қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстайтын орындар әлі де жеткіліксіз. Сондықтан тағы бір нысанның құрылысын бастау қолға алынды.
-Жергілікті атқарушы органдардың баспаналардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жеке баспаналарды бірлесіп қаржыландыруға құқығы бар. Қазір біз тағы бір баспана салуға инвестор іздестірудеміз, - деді ШҚО ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.