Қалалық мәслихат депауттары қаладағы кейбір сауда нүктелерінде қант бағасының қымбаттау себебін анықтауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шенеуніктер қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының күрт қымбаттамауына бақылауды жалғастырып келеді.
– Қант бағасының қымбаттауы «Сити», «Колос», «Глобус» және «Титан» сауда нүктелерінде байқалады, – деді мәсхилат жиынында. – Қант бағасының құнын өсіруге ықпал ететін факторларға жасалған талдау нәтижесінде саудагерлердің бағаны кәсіпкерлермен бірлесіп көтеретіндігі белгілі болды.