Қалалық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, облыс орталығынан 135 мың текше метр қар шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Ағымдағы жылы облыс орталығында өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп қар жауған. Сондықтан да қала әкімдігіне қарқынды түрде жұмыс істеуге тапсырма берілді. Егер қажет болған жағдайда қар тазалау үшін қосымша қаржы бөлетін боламыз, - деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram парақшасында. - Қала әкімдігінің хабарлауынша, күн сайын көшені қардан тазарту жұмыстарына 60 техника, 100 жұмысшы жұмылдырылады. Қар толассыз жауған күндері 100-ден астам техника бірлігі іске қосылады.
Алайда Шмелев лог ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіруде.
- Біздің ауылда қыс бойы бірде-бір рет қар тазаланбады. Мұндағы қардың қалыңдығы 40-60 сантиметрден асады, - деп жазды ауыл тұрғыны Instagram парақшасында. - Біз 2018 жылғы жағдай қайталанып, су тақсыны жүре ме деп үрейленіп отырмыз.
Аймақ басшысы қала әкімі Жақсылық Омарға бұл мәселені тездетіп шешуді тапсырды.