Өскеменде қаржылық мониторинг жөнінде форум өтті

195
көрілім
Фото сурет автордікі

Шараға бес министрлік өкілдері, түрлі қаржылық компания мамандары, жоғары оқу орындарының белсенді студенттері және уәкілетті орган қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың айтуынша, осы мәселе қоғам үшін әсіресе, мемлекет халқы үшін  шешілуі қиын шаруа. Оның ішінде, лудомания дерті, өз-өзіне қол жұмсау сияқты қайғылы мәселелер жиі тіркелуде.
Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Гауһар Әшімханның сөзінше, бұл қоғам үшін емі жоқ мәселе.
 - Лудоманияның қоғамға тигізер зияны өте көп. Бұл даулы дертті бүгінде блогерлер мен танымал тұлғалардың өздері ашық жариялап жүр. Оны біздің елімізден де байқауға болады. Оған мысал ретінде елімізге қаржы пирамидасын жарнамалаған аты шулы блогердің берген мәліметін айтуға болады. Бұндай істер жиі жарнамаланбас үшін заң жүзінде іске көшу керектігін және қатаң түрде жазаланатынын ескертеміз.

 

Айта кетейік, күрмеуі қиын бұл шаруаның жетегінде жүргендер саны аз емес. Осының кесірінен өмірмен қош айтысып, отбасының ойранын шығарып жатқандар бар, - деді Гуһар Әшімхан.


Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ