Өскеменде «қайырымдылық сөрелері» пайда болды

519
көрілім

Облыс орталығының дүкендерінде арнайы сөрелер орнатылуда. Бұл сөрелерге кез келген адам өз ерік-қалауымен аз қамтылған отбасыларға киім немесе тез бұзылмайтын азық-түлік қалдыруға болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сүйенсек, «Қайырымдылық сөрелері» «Колос» супермаркетінде, «ОӘД» сауда үйінде, «METRO» гипермаркетінде, «FreshMarket» дүкенінде орнатылды.

Киім-кешектен бөлек, нан, жарма, консерві тәрізді ұзақ сақталатын азық-түліктер, сондай-ақ, балаларға арналған ойыншықтар да қалдыруға болады.