Өскеменде Қазақстанға АЭС салу қажеттілігі талқыланып жатыр

534
көрілім

Көпшілік Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жиналып, жауапты тұлғалар дайындаған баяндамамен танысуда, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар мұны қоғамдық емес, жария тыңдау десті. Ұлттық Ядро орталығының атом-электр институты директорының орынбасары Ерболат Қоянбаевтың сөзінше, АЭС пен ЖЭС-тің бар айырмашылығы - жылу көзінде. Қоғамдық тыңдауларға қатысып жүріп, “АЭС-тің Қазақстанға қажеті не?” деген сауал жиі түсетін көрінеді.
- Халық келісімін берсе, бірнеше процедурамыз бар. Нысан салынатын орын бекітілсе, жобалауға 5 жыл уақыт кетеді. Әзірге тұрғындардың көбі бұның астарына үңіле қойған жоқ. АЭС ертелі-кеш елімізге келеді. Тиімді жағы мен зияны жоқтығы расталып, көпшіліктен қолдау тапса жобалауды бастаймыз. Соған сәйкес одан өндірілетін энергия көзі, түсетін табыс, экологиялық жағынан зияны жоқтығын саралаймыз. Мұның барлығын “Атом туралы” заң аясында халықпен талқылаймыз. Әрі қарай құрылыстың өзі бес жылға созылады. 10 жылда бұл жобаны әбден “пісіруге” болады. Энергетикалық тәуелсіздігімізді қазір біржақты ету керек, - деді ол.
Оның сөзінше, Қазақстанда бұл жұмысты ойдағыдай жүзеге асыратын мамандар бар. Бұған Курчатов қаласындағы Ұлттық ядро орталығын мысал етті.