Өскеменде «Қазбат» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

450
көрілім

Облыс орталығындағы киносүйер қауым «Юбилейный» кинотеатрында тұсаукесер көрсетілімі өткен «Қазбат» көркем фильмін жоғары бағалады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аталмыш кинотуынды бітімгершілік мақсатта тәжік-ауған шекарасына аттанып, 1995 жылы көктемде тұтқиылдан шабуыл жасаған дұшмандармен шайқасып, ерлікпен қаза тапқан 17 қазақстандық жауынгер туралы сыр шертеді. Фильмнің идея авторы – ҚР Ұлттық Ұланының Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, режиссері – Асқар Ұзабаев.

–Еліміздің 100 сарбазы тәжік-ауған шекарасына аттанған еді. Соның 33-і жарақат алса, 17-і қайтып үйіне оралмады. Фильмді көріп отырып, бәрін қайтадан бастан кешіргендей күй кештім. Жат ел, жат жерде кеудесін оққа төсеп жанын құрбан еткен есіл ерлердің есімдері ешқашан ұмытылмайды, – деді сондағы 100 сарбаздың бірі болған Дәулет Елеусізов.

Қала тұрғындары да «Қазбат» көркем фильмінен ерекше әсер алғандарын жеткізді. Олардың арасында көз жасына ерік бергендер де болды.

Тәжік-ауған шекарасындағы қазақ сарбаздары

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ