Өскеменде кеше түстен кейін жоғалған бала әлі табылмады

640
көрілім

Кеше күндізгі сағат 14.21-де Өскемен қалалық полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің «102» арнасына бала жоғалғаны туралы мәлімет түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құзырлы мекемеге 2010 жылы туған  Ахмеджанов Тамирлан Тимурұлын іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінген. Темірлан үйінен шығып, сол беті оралмаған. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бала аутизмге шалдыққан, сөйлей алмайды.
Полиция қызметкерлері дереу іздеуге кірісіп, бұған құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы, волонтерлер де жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйлерді аралап тексеріп жатыр.


ШҚО Полиция департаменті мәліметінше сүйенсек, баланы іздестіру әлі жалғасуда. Бірнеше топ жан-жаққа бөлініп, бала жоғалған маңдағы саяжайларды, тұрғын үйлердің аулаларын, іргелес аумақтарды, қосалқы құрылыстарды, қараусыз қалған ғимараттарды тексеруді жалғастыруда.
- Жақын маңдағы егіс алқаптары мен өзен арнасы тексерілуде. Оқиға орнында қажетті ақпарат алуға және іздестіру шараларына қатысуға өтініш бере алатын жедел штаб құрылып, жұмыс істейді, - делінген мәліметте.