Өскеменде кәсіпкер әйел ет сатып беремін деп алаяқтық жасаған

1118
көрілім
Шартты сурет

Өскемен қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ет сатып беремін деп, алдап кеткен әйелді ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпан айының басында полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Ұлан ауданының 42 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс әйел сатып беремін деген сылтаумен 143 000 теңге тұратын ет иемденгендігіне шағымданды.
– Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы кәсіпкер әйелді қолға түсірді. Бүгінде алаяққа ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көздейді, – делінген мәліметте.