Өскеменде қоғамдық көлік карталары мың теңгеден сатылуда

1253
көрілім


Жолаушылар тасымалын басқару орталығындағылардың айтуынша, бұл «рұқсат  етілмеген», деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шілде айының 2-нен бастап қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет тарифі енгізілген болатын. Қалалықтарға картамен төлем жасау әлдеқайда қолайлы. Себебі қазір автобустағы жолақысы 130 теңгеге қымбаттап кетті.

– Аталған жайттарға сәйкес қоғамдық көлік карталарының ішінде ақшасы жоқ болса да мың теңгеге сатылып жатқан жайттар анықталуда, - дейді Жолаушылар тасымалын басқару орталығы мамандары. - Бұған Орталықтың еш қатысы жоқ. Өскемен бойынша жолақы карталарын сататын 50 нүкте жұмыс істеп тұр. Бағасы 500 теңге. Сатып алушы теңгерімін кез келген сомаға толтыра алады.
Әкімдіктегілердің айтуынша, қазір қоғамдық көлік карталарын онлайн толтыру мәселесі шешілуде.