Облыс орталығының маңындағы Шмелев лог қоқыс алаңында тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– 23 қыркүйек күні түнгі сағат 00.20-да қоқыс полигоны отқа оранды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, бірнеше коммуналдық мекемелердің қызметкерлері жалынмен күресуде. Желдің әсерінен өртті жылдам сөндіру қиынға түсуде, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.