Өскеменде қоқыс таситын көлік өртенді

994
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қаласында қоқыс таситын көлік өртеніп, денесін күйік шалған жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, демалыс күні КамАЗ көлігінің кабинасын қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 4 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды сөндірді.

– Өртті өзі өшірмек болған 1961 жылғы жүргізушінің аяғы мен қолын күйік шалған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны жәдел жәрдем қызметкерлері бірден ауруханаға жеткізген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі – жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.