Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініштер қабылданады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау 29.05.2017 — 04.06.2017 аралықта «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру баллдық жүйе бойынша (ең көп балл саны ескеріледі) жүргізіледі.
Өтініштерді қабылдау төмендегілерге жүзеге асырылады:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданында 37/2 позицияның тұрғын үйіндегі 90 пәтерге, оның ішінде:
бір бөлмелі – 45 пәтер
екі бөлмелі – 27 пәтер
үш бөлмелі — 18 пәтер;
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданында
58/2 позицияның тұрғын үйіндегі 198 пәтерге
бір бөлмелі – 36 пәтер
екі бөлмелі – 117 пәтер
үш бөлмелі – 45 пәтер;
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Бағдарламаның барлық қатысушылары өздерінің жеке кабинеттерінде ақпаратты көрулері қажет. Пәтер алу мүмкіндігіне ие болған қатысушының жеке кабинетіне «ҚТҚЖБ» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама жіберіледі.
Бағдарламаның қатысушылары жолдама жеке кабинетіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде ҚТҚЖБ берілген төлем қабілеттілігін растау туралы хабарламаны ЖАО ұсынуға тиіс.
Бағдарлама қатысушысына төлем қабілеттілігіне теріс баға берілген жағдайда, сондай-ақ жолдама жеке кабинетіне келіп түскен сәттен бастап белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, ЖАО қалған Бағдарлама қатысушыларының арасынан басқа Бағдарлама қатысушысын іріктеу жүргізіледі.