Өскеменде көлік қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

199
көрілім
фото сурет ашық дереккөзден
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 12 маусым күні кешкі уақытта Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында болған. Марқұм жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі
 
«Есенберлин даңғылында Lada Priora маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген ақпаратта.
 
Ол бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 
 
Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде рөлге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмғаны хабарланған.