Бүгін таңғы сағат 07.00-де Өскемендегі «ЖМК-Меновное» айналма жолында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын ескермей, соның салдарынан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде дене жарақаттарын алған әйел оқиға орнында көз жұмды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесін немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сот-сараптамалары тағайындалып, олардың қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруда.