Өскеменде көлік капотына отырып көңіл көтергендер жазаға тартылды

398
көрілім

Облыс орталығында көлік капоты мен төбесіне шығып алып «серуендеген» бозбалалар ұcталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі беттерінде Өскемен қаласы көшелерінің бірінде көлік капоты мен төбесіне отырып алып көңіл көтергендердің бейнежазбасы тараған болатын.

- 2001 жылғы бозабалаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұндай заңбұзушылықты бір жыл ішінде бірнеше рет жасағандықтан оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 593 бабы 3 бөлігіне сәйкес 26 510 теңге әкімшілік айыппұл салынды.