20 жастағы өскемендік жігіт көлікті тонады деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық ІІД мәліметі бойынша, соңғы кезде Өскеменде көлік тонау қылмысы жиілеп кеткен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде 21 жастағы қала тұрғыны ұсталған. «Тексеру кезінде күдіктінің 20 оқиғаға қатысы бар екені анықталды. Көлік иелері жалпы жиыны жарты миллион теңгенің шығынын шеккен» - делінген департамент таратқан мәліметте.
Күдікті ұрланған дүниелерді сатып, ақшасын жеке мұқтаждығына жұмсамақ болғанын айтқан. Ол көліктерге түн мезгілінде құлып ашатын арнайы құрылғымен кіріп отырған. Бір қызығы, тонауға түскен көліктің барлығы Өскеменде шығарылған.
Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.