Өскеменде көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

363
көрілім

Өскемен қаласындағы Тоғас көшесінде келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Оқыс оқиға 14 мамыр күні сағат 21.30-да тіркелген.

– 35 жастағы көлік жүргізушісі Тоғас көшесімен Ахмер ауылына қарай жүріп келе жатқан. «Родничок» бау-бақша серіктестігіне бұрылар тұста ол 1977 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Дене жарақатын алған ер адам мамандандырылған медициналық орталықтың жансақтау бөліміне жеткізілген. Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.